ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің түлектері кездесті

13204


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі Түлектер күнін өткізді. Салтанатты жиынды Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Лейла Бимендиева құттықтау сөзбен ашып, университетпен үздіксіз байланысы үшін түлектерге алғыс білдірді.

Кездесуде түлектер мен қонақтар Gaudeamus студенттердің халықаралық әнұранын бірге орындады.

Түлектер қауымдастығы кеңесінің отырысында 1989 жылғы экономика факультетінің түлегі Гүлмира Есенгелдиева және 1994 жылғы экономика факультетінің түлегі Ілияс Кулиев сөз сөйлеп, университет ұжымына ізгі тілегін арнады.

Меруерт Дәрібаева, Мәдина Шарапиева, Ақбота Ақзамбекқызы, Дана Көбентаева, Зерде Бекболатова, Мөлдір Бекенова, Нұрсұлтан Шуренов, Жандос Нұрхалықов, Жанетта Кенжебай, Айманкүл Ережепова, Бикен Нұрманова, Айман Исаева, Жанна Қалымбекова  және т.б. түлектер студенттік жылдар туралы естеліктер айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

Ұқсас жазбалар